Accessibility links

Жамбыл обысында 4 адам пойыз астында қалып өлді


Жүк пойызы. Көрнекі сурет.

Жүк пойызы. Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында жеңіл көлік жүк пойызымен соқтығысып, үш адам құрбан болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға дүйсенбі күні кешке Ақшолақ пен Ақыртөбе станцияларының арасында болған. "Тараз-Шу" бағытында қатынайтын пойызға соқтығысқан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында мерт болған.

Бұдан өзге дүйсенбіде Ақмола облысында бір әйел пойыздың астына түсіп қаза болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауына қарағанда, Аршалы ауданының Анар станциясында әйел кісі жүк пойызының астына түсіп қалып, ауруханада операция жасалып жатқан кезде қайтыс болған.

28 шілде күні Алматыда "Алматы-2" вокзалында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 50-ге тарта адам жарақаттанған еді.
XS
SM
MD
LG