Accessibility links

Пәкістан парламенті президент сайлауын бастады


Синд провинциялық ассамблеясының депутаты президент сайлауға дауыс беріп жатыр. Карачи, Пәкістан, 30 шілде 2013 жыл

Синд провинциялық ассамблеясының депутаты президент сайлауға дауыс беріп жатыр. Карачи, Пәкістан, 30 шілде 2013 жыл

Пәкістан парламенті елдің келесі президентін сайлауға дауыс бере бастады.

Бұл мемлекетте президентті Ұлттық парламент пен төрт провинциялық ассамблеяның 1000-нан астам депутаты сайлайды.

Пәкістан телеарналары төрт провинцияда ассамблея депутаттарының дауыс беріп тұрған сәтінен хабарлар таратып жатыр.

Премьер-министр Наваз Шарифтің Мұсылман лигасы партиясының атынан үміткер Мамнун Хуссейн, ұлттық парламентте көпшілік орынға осы партия ие болғандықтан, президент болып сайлануы мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі президент Асиф Али Зардаридің бес жылдық өкілеті алдағы қыркүйек айында аяқталады. Зардаридің Пәкістан халықтық партиясы жоғарғы соттың өткен аптада президент сайлауын бір апта ерте өткізу туралы шешіміне қарсылық танытқан. Партия президент сайлауына байкот жариялап, өз кандидатын қайтарып алды.
XS
SM
MD
LG