Accessibility links

Зимбабведе президент пен парламент сайлауы өтеді


Роберт Мугабе, Зимбабве президенті.
Роберт Мугабе, Зимбабве президенті.
Зимбабведе бүгін президент және парламент сайлауына дауыс беру басталады.

Сайлауға қазіргі президент Роберт Мугабе мен премьер-министр Морган Цвангираи түседі. Бұл екі үміткер осымен үшінші рет президент сайлауында бәсекелес болып отыр. Бұған дейінгі 2002 және 2008 жылдары өткен сайлауда Цвангираи жеңіліп қалған еді.

89 жастағы Мугабе Зимбабвені ел Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарып келеді.

Роберт Мугабе егер бұл сайлауда жеңілсе отставкаға кететінін мәлімдеген. Бірақ Мугабе мен оның басқарушы ЗАНУ-ПФ партиясы сайлауды бұрмалайды деген қауіп бар.
XS
SM
MD
LG