Accessibility links

Испания соты: аударылған пойыз жылдамдықты асырған


Испания пойызы апат сәтінде
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:14 0:00

Испания пойызының апат сәті. Бақылау камерасындағы көрініс.

Испания соты өткен аптада елдің солтүстік-батысында апатқа ұшыраған пойыз жылдамдықты шектен тыс асырып, сағатына 153 километр жылдамдықпен жүрген деген қорытындыға келді.

Сот "қара жәшіктің" көмегімен жолаушылар жүрдек пойызы апатқа ұшырауға аз уақыт қалғанда машинист жылдамдықты сағатына 192 километрге жеткізгенін және жылдамдықты азайту үшін пойызды тежегенін анықтаған. Апат болған аймақтағы пойыздың жылдамдығы сағатына 80 километрден аспауы тиіс болған.

Соттың мәлімдемесінде бұған қоса пойыз рельстен шыққан сәтте машинистің қызметтік телефонмен сөйлескені айтылады.

24 шілдеде болған пойыз апатында 79 адам қаза тауып, 131 адам жараланған еді. Апат Испанияда соңғы 70 жылда болған теміржол оқиғаларының ең ірісі болып отыр.

Машинист Франсиско Гарсонге 79 адамды абайсызда өлтірді деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG