Accessibility links

Панама: Солтүстік Корея ұшағынан әскери техника табылды


Панама полицейі Солтүстік Корея ұшағынан табылған истребитель двигательдерін көрсетіп тұр. 30 шілде 2013 жыл

Панама полицейі Солтүстік Корея ұшағынан табылған истребитель двигательдерін көрсетіп тұр. 30 шілде 2013 жыл

Панама тергеушілері Кубадан қайтқан Солтүстік Корея ұшағының бортынан МиГ-21 истребителінің двигателдерін тапқанын хабарлады.

Панаманың есірткімен күрес прокуроры Хавьер Карабаллоның айтуынша, тергеушілер 12 осындай двигатель және радарлар мен зымырандарға қолданылатын басқару жүйелерін тапқан. Ұшақта әлі де тексеруді қажет ететін құрылғылар бар.

Куба әуелде ұшақ Солтүстік Кореяға көмек ретінде қант алып бара жатқанын хабарлаған. Бірақ әскери техника бөлшектері табылған соң "ұшақта Солтүстік Кореяға жөндеуге жіберілген ескірген қару-жарақ болғанын" мойындады.

Панама БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Пхеньян қару-жарақ эмбаргосын бұзуы мүмкін деген қауіппен ұшақ пен одан табылған әскери техниканы тексеруді сұрады.

МиГ-21 истребителі 1959 жылдан 1985 жылға дейін шығарылған.
XS
SM
MD
LG