Accessibility links

Сноуденнің әкесі Ресейге баруы мүмкін


Эдвард Сноуденнің әкесі Лони Сноуден ресейлік "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріп тұр. Вашингтон, 31 шілде 2013 жыл

Эдвард Сноуденнің әкесі Лони Сноуден ресейлік "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріп тұр. Вашингтон, 31 шілде 2013 жыл

АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнің әкесі Лони Сноуден бірнеше апта бұрын АҚШ федералдық тергеу бюросы (ФБР) өзін Мәскеуге баруды сұрағанын мәлімдеді. Лони Сноуден ресейлік "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Мәскеуге баруға дайын екенін, бірақ әуелі ФБР өзінен не сұрамақ екенін білгісі келетінін айтты.

АҚШ-та Эдвард Сноуденге америка арнайы қызметінің азаматтардың интернеттегі жазбалары мен телефон байланыстарына тыңшылық жасау құпиясын әшкерелегені үшін айып тағылып, іс қозғалған. Ол Мәскеуге 23 маусымда Гонконгтен ұшып барған. Содан бері Мәскеудің Шереметьево әуежайында тұрып жатыр.

Лони Сноуден АҚШ-та "әділетті сот болады дегенге сенбейтінін" айтып, ұлының Ресейде қала бергенін дұрыс көреді. Ол Ресей президенті Владимир Путинге "ұлының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін" алғыс білдірді.

Эдвард Сноуденге көмек көрсетіп жүрген адвокат Анатолий Кучерена Лони Сноуденнің Ресейге сапарын ұйымдастыратынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG