Accessibility links

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Ресей президенті Владимир Путин Ақордадағы кездесу кезінде. Астана. 7 маусым, 2012 жыл. Сурет Ресей президентінің ресми сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Ресей президенті Владимир Путин Ақордадағы кездесу кезінде. Астана. 7 маусым, 2012 жыл. Сурет Ресей президентінің ресми сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Әңгіме кезінде қос президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты, интеграциялық процестерді дамыту мәселелерін талқылаған.

Назарбаев пен Путин бұған қоса алда Санкт-Петербургте өтетін G-20 саммиті бағдарламасының негізгі тұстарын, аймақтық ынтымақтастықтың дамуын да талқылаған.

Әңгіме соңында қос президент екіжақты және аймақтық деңгейде қатынас жасай беру қажеттігін айтқан.
XS
SM
MD
LG