Accessibility links

Бас прокуратура: Әблязов ісі әлі тексеріліп жатыр


Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов.

Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов.

Қазақстан бас прокуратурасы оппозициялық саясаткер, Францияда ұсталған бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Бас прокуратураның дерегіне қарағанда, "Әблязовқа Ресей мен Украина да іздеу жариялаған, Кипр, Венгрия және Латвия оған қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр, Ирландия мен Финляндия да Әблязовпен байланысы бар компаниялардың қызметіне тексеріп жатыр".

Мұхтар Әблязовты 31 шілдеде Францияның Муан-Сарту қаласында француз қауіпсіздік күштері ұстаған. Оның ұсталғаны туралы Интерполдың француз бюросы хабардар еткен. Қазақстан бас прокуратурасы Франция Әблязовтың ұсталғанына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бермегенін айтады.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Мұхтар Әблязовқа 5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі банк қаржысын талан-таражға салды, қылмыстық жолмен түскен табыстарын заңдастырды деген айыптар тағылып, іс қозғалған. 2009 жылы ол шетелге кетіп қалып, сол жылы оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бұған дейін, 31 мамыр күні Италия полициясы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуаны Римде тұрып жатқан жерінен ұстап, Қазақстанға депортациялаған.
XS
SM
MD
LG