Accessibility links

Франция елшілігіне Әблязов жайлы хат тапсырды


Франция елшілігіне хат тапсыруға келген қоғамдық белсенділер. Алматы, 1 тамыз 2013 жыл.

Франция елшілігіне хат тапсыруға келген қоғамдық белсенділер. Алматы, 1 тамыз 2013 жыл.

Астанадағы бір топ белсенді қуғындағы оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың ұсталғанына байланысты Франция елшілігіне хат тапсырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Белсенділер Франция президенті Франсуа Олландтың атына хат жазып, Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтармауды, соттаған жағдайда да оны Францияның өзінде соттауды сұраған.

Бүгін Алматыда да бір топ белсенді Олландтың атына хат жазып, Франция консулдығына тапсырған.

31 шілдеде Мұхтар Әблязовты Францияның Муан-Сарту қаласында француз қауіпсіздік күштері ұстаған еді. The Financial Times басылымы 31 шілде күні Әблязовтың отбасының адвокатына сілтеме жасай отырып, оның Ресей тапсырысы бойынша ұсталғанын хабарлаған.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Әблязовқа Қазақстан билігі"БТА банкінің қаржысын талан-таражға салып, аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады" деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған.

2009 жылы шетелге қашқан Мұхтар Әблязов өзін "саяси себеппен қуғын көрушімін" деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG