Accessibility links

Франция соты Әблязовты қайтаруды қарай бастады


Мұхтар Әблязов, қуғындағы оппозициялық саясаткер.

Мұхтар Әблязов, қуғындағы оппозициялық саясаткер.

Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты 31 шілдеде Муан-Сарту қаласында ұсталған қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарай бастады деп хабарлайды Reuters агенттігі. Апелляциялық соттың баспасөз хатшысының айтуынша, судья Әблязовқа сотта оны экстрадициялау мәселесі шешілетінін айтқан.

Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, Әблязов Украинаның сұрауы бойынша ұсталғандықтан Украинаға экстрадициялануы әбден мүмкін.

Франция 30 мемлекетпен (арасында Ресей және Украина да бар) Еуропалық экстрадициялау туралы конвенцияға қол қойған. Бірақ Қазақстанмен ондай келісімі жоқ.

Reuters-тің мәліметі бойынша, Әблязов ісімен таныс дереккөз "Франция әділет министрлігі қазақстандық саясаткерге қатысты қандай шешім қабылдауды қарастырып жатыр" деп хабарлайды.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Мұхтар Әблязовты Қазақстан билігі "банк қаржысын талан-таражға салды, алаяқтық жасады" деп айыптайды. Банктің Ресей мен Украинада да еншілес компаниялары болғандықтан, бұл екі ел де оған іздеу жариялаған.

2009 жылы шетелге қашқан Мұхтар Әблязов өзін "саяси себеппен қуғын көрушімін" деп санайды.
XS
SM
MD
LG