Accessibility links

Италия соты Берлусконидің үкімін өзгертпеді


Италияның бұрынғы премьері Сильмио Берлускони (сол жақта) мен Карима эль-Маруг.

Италияның бұрынғы премьері Сильмио Берлускони (сол жақта) мен Карима эль-Маруг.

Италияның бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониге "салыққа байланысты алаяқтықтар жасағаны" үшін шығарылған сот үкімі күшінде қалды.

Бейсенбіде кассациялық сот Берлускониді төрт жылға соттап, рақымшылықпен жазасын бір жылға дейін азайту туралы сот үкімін өзгертпеді. Бұл сот - экс-премердің үкімге берген екінші әрі соңғы апелляциялық шағымы бойынша өтті. Оған қатысты қылмыстық іс 2006 жылы басталған.

Сильвио Берлускони бұған қоса кәмелетке толмаған жезөкшелермен көңіл қосу, қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану, полицейлердің оның саяси бәсекелестерінің телефондағы әңгімелерін жариялап жіберу ісіне қатысты шыққан бірнеше үкімге де шағымданған.

Берлусконидің оңшыл партиясы бұған дейін премьер-министр Энрике Летто үкіметіне қолдау білдіре беретініне уәде еткен. Бірақ сот шешімі Летто басқаратын солшылдардың оңшыл партиямен коалициясын қиын жағдайда қалдыруы мүмкін.

Милан соты маусымда экс-премьерді 2010 жылы премьерлік қызмет атқарған тұста түнгі клуб бишісі, сол кезде жасы 18-ге толмаған Карима эль-Маругпен көңіл қосқаны үшін ақша төледі және ол әрекетін жасыру арқылы қызметін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптап, жеті жылға соттаған еді. Бірақ сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
XS
SM
MD
LG