Accessibility links

АҚШ-тың бірқатар елшіліктері уақытша жабылады


Ауғанстандағы АҚШ елшілігінің таңбасы. Көрнекі сурет.
Ауғанстандағы АҚШ елшілігінің таңбасы. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың бірқатар елдердегі дипломатиялық өкілдіктері 4 тамыз, жексенбі күні қауіпсіздік мақсатында жабылады. Бұл туралы бейсенбіде Вашингтонда АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Мари Харф хабарлады.

Харф қай елдердегі және қанша елшілік пен дипломатиялық өкілдіктердің жабылатынын айтқан жоқ. Бірақ америкалық ақпарат құралдары ресми тұлғаларға сілтеме жасай отырып, негізінен мұсылман елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктер жабылатынын хабарлады. Мұсылман елдерінде жексенбі - жұмыс күні.

ABC телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың Египет, Ирак, Катар, Бахрейн, Кувейт, Ауғанстан, Бангладеш, Иордания, Йемен, Сауд Арабиясы, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ливиядағы елшіліктері жабылмақ.

Мари Харф дипломатиялық миссиялардың уақытша жабылуына нақты қандай қауіп-қатер себеп болғанын айтпады. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік департаментке елшіліктердің қауіпсіздік тұрғысынан уақытша жабылатыны туралы ақпарат қана түскен.

Жағдайға қарай дипломатиялық миссиялар бірнеше күн бойына жабық болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG