Accessibility links

Павлодар мұнай зауытын жөндеуге 1,07 миллиард доллар бөлінді


Қазақстан Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнімділігін ұлғайту үшін зауытты модернизациялау туралы Румынияның Rompetrol мұнай компаниясымен келісім-шартқа отырып, оған 1,07 миллиард АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Hydrocarbon processing журналының ресми сайтында хабарланды.

Журналдың ақпаратына қарағанда, зауыт өнімділігін арттыру жұмыстарынан соң жылына қазіргі 5 миллион тоннаның орнына 7 миллион тонна мұнай өндіретін болады.

Жөндеу жұмыстарын Rompetrol компаниясының Rominserv Valves Iaifo Zalau кәсіпорны атқарады. Модернизациялау жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ.

1978 жылы салынған бұл кәсіпорын - Қазақстандағы ең үлкен мұнай өңдеу зауыты.

Зауыт пен Rompetrol компаниясына Қазақстан үкімет иелігіндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы бақылау жасайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG