Accessibility links

Моңғолияның экс-президентіне рақымшылық жасалды


Намбарын Энхбаяр, Моңғолияның бұрынғы президенті.

Намбарын Энхбаяр, Моңғолияның бұрынғы президенті.

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж экс-президент Намбарын Энхбаярға рақымшылық жасады. Бұл туралы Моңғолияның ресми "Монцамэ" агенттігі хабарлады.

Моңғолияның премьер-министрі, кейін 2005-2009 жылдары президенті болған 54 жастағы Намбарын Энхбаяр 2012 жылы сәуір айында қамауға алынған еді. Тергеу орындары оған ғибадатханаға сыйға тартылған заттарды иемденіп кетті деген айып тағып, 2012 жылдың тамызында төрт жылға соттап, кейін жазасын екі жарым жылға дейін қысқартқан.

Намбарын Энхбаярдың өзі бұған дейін "сот үкімінің саяси астары бар" деген еді.
XS
SM
MD
LG