Accessibility links

"Роскосмос" басшысы сөгіс алды


"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин. 10 мамыр 2011 жыл.

"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин. 10 мамыр 2011 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев "Роскосмос" басшысы Владимир Поповкинге "міндетін дұрыс атқармағаны үшін" сөгіс жариялады. Ел үкіметі таратқан баспасөз баянында сөгістің жай-жапсары айтылмаған.

Владимир Поповкин "Роскосмосты" басқарған 2011 жылдың сәуірінен бері Ресей ғарыш саласы бірнеше рет апатқа ұрынды. Сондай оқиғалардың бірі - 2 шілде күні Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағында Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышы ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кетуі.

«Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев осы оқыс оқиғадан соң пікір білдірген кезде зымыранның Ресей жалға алған аумаққа құлағанын, сол себепті Қазақстан үшін апат болып саналмайтынын айтқан.

Шілденің 10-ы күні Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қапаров апат болған аймақтағы елді мекендерден гептил табылмағаны туралы мәлімдеме жасаған. Оның сөзінше, «Ғарыш экология» ұлттық зерттеу орталығы мен Қызылорда облысының экология департаментінің мамандары атмосфера мен топырақты зерттеп, зиянды заттар таппаған. Ал экологтар мен мамандар «Протон-М» апатының әсері туралы қарама-қайшы пікір айтады.

31 шілдеде Байқоңырда зымыран апатынан бері тұңғыш рет Қазақстан үкіметі өкілдері қатысуымен мемлекетттік комиссия отырысы өткен. Жиынға ресейлік «Роскосмос» өкілдері де қатысқан.
XS
SM
MD
LG