Accessibility links

Ауғанстанда үнді консулдығына шабуыл жасалды


Үнді консулдығы жанындағы террорлық жарылыстан кейін. Жалалабад, Ауғанстан, 3 тамыз 2013 жыл.
Үнді консулдығы жанындағы террорлық жарылыстан кейін. Жалалабад, Ауғанстан, 3 тамыз 2013 жыл.
Тамыздың 3-і күні Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында орналасқан Үндістан консулдығының қасында автокөлікке қойылған бомба жарылысынан кемінде алты адам мерт болған.

Нангархар провинциясы билігінің өкілі Ахмадзия Абдулзайдың айтуынша, бомба орнатылған автокөлік консулдық жанындағы қоршауға келіп соғылған соң жарылған. Жергілікті денсаулық сақтау мекемесінің өкілі Азат Ауғанстан радиосына бүгінгі жарылыс салдарынан жарақат алған 22 адамның ауруханаға түскенін хабарлады.

Үндістан сыртқы істер министрлігі сенбі күнгі Жалалабадтағы шабуылдан өз азаматтарының зардап шекпегенін хабарлады. Бұл жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін Нангархар провинциясында билік күштері мен тәлібтер арасында шайқаста жүзге тарта адамның өлгені хабарланған еді.

2008 және 2009 жылдары Үндістанның Кабулдегі елшілігіне жасалған шабуылдар салдарынан ондаған адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG