Accessibility links

Ауғанстан: Нангархардағы шайқаста ондаған адам өлген


Нангархар провинциясы, Ауғанстан. 1 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Нангархар провинциясы, Ауғанстан. 1 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Сенбіге қараған түні Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында үкімет өкілдерінің автоколоннасына тәлібтер тұтқиылдан шабуыл жасап, қарулы шайқас бірнеше сағатқа созылған.

Жергілікті полиция бастығы орынбасарының айтуынша, 22 полиция қызметкері қаза тауып, тәлібтерден 70-тен аса адам оққа ұшқан.

Бұған дейін осы Нангархар провинциясында тәлібтерге қарсы операция барысында НАТО әскери ұшағы қателесіп ауған полициясы отырған бекініске соққы берген еді, салдарынан 5 полиция өкілі мерт болған.

Соңғы кезде тәлібтер Ауғанстанның шетелдік әскерилер кеткен немесе шыққалы отырған аймақтарда белсенді іс-қимылға көшті.

НАТО әскері Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс.
XS
SM
MD
LG