Accessibility links

Аятолла Иран президенті қызметіне Роуханиды бекітті


Аятолла Әли Хаменеи (сол жақта) мен Хассан Роухани. Тегеран, 3 тамыз 2013 жыл.

Аятолла Әли Хаменеи (сол жақта) мен Хассан Роухани. Тегеран, 3 тамыз 2013 жыл.

Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи алдағы төрт жыл мерзімге Иран президенті болып жаңадан сайланған Хассан Роуханиді қызметіне бекітті. Ресми шара 3 тамызда Тегеранда өтті.

Бүгін, 4 тамызда Хассан Роуханидің президенттік инаугурациясы өтеді. Онда Роухани парламент мүшелері мен Тегеранға арнайы шақырылған 50-ден аса мемлекеттің ресми өкілдері алдында ант бермек.

64 жастағы Роухани Иран президенті қызметін екі мерзім қатарынан атқарған Махмуд Ахмадинежадты алмастырады.

Ол бұған дейін Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген. Иранда биыл өткен президент сайлауында Хассан Роухани сайлаушылардың 50,7 пайызының қолдауына ие болған.
XS
SM
MD
LG