Accessibility links

Жапонияда жер сілкінді


Жер сілкінісін тіркейтін аппараттың жазбасы. Көрнекі сурет.
Жер сілкінісін тіркейтін аппараттың жазбасы. Көрнекі сурет.
Жексенбі күні Жапонияның солтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі тіркелген.

6 магнитудалы жер асты дүмпулерінің эпицентрі Тынық мұхитында, Мияги префектурасындағы жағалауға жақын маңда болған. Бұл аймақ 2011 жылы наурызда болған жер сілкінісі мен оның әсерінен пайда болған цунамиден зардап шеккен еді.

Онымен көрші Фукусима префектурасындағы атом электр станциясының (АЭС) жұмысында бүгінгі жер сілкінісінен соң өзгеріс байқалған жоқ деп хабарланды. Бұл АЭС-те 2011 жылы наурыздағы зілзала салдарынан Жапония тарихындағы ең үлкен апаттардың бірі болған.
XS
SM
MD
LG