Accessibility links

Терроризм қаупінен АҚШ-тың 17 елшілігі жабық тұр


Йемендегі АҚШ елшілігін күзетіп тұрғандар. Сана, 17 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Йемендегі АҚШ елшілігін күзетіп тұрғандар. Сана, 17 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.

4 тамызда 17 мұсылман мемлекетінде АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктері уақытша жабылды. Сондай-ақ, бұл күні Ұлыбритания мен Германияның Йемендегі елшіліктері, Бангладеште - Канада елшілігі жұмыс істемейді.

Сенбі күні Интерпол өткен айда әлемнің тоғыз елінде - арасында Ирак, Ливия, Пәкістан бар - «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы болуы ықтимал жүздеген адамның түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат таратқан.

3 тамызда Ақ үйде ғаламдық терроризм қаупіне қатысты өткен жиынға АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс, мемлекеттік хатшы Джон Керри, қорғаныс министрі Чак Хейгел және ішкі қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано қатысты. Жиын нәтижесі туралы президент Барак Обаманың хабардар болғаны айтылды.

Осы аптада Вашингтон шетелдегі АҚШ азаматтарына террорлық шабуыл қаупі туралы ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG