Accessibility links

Ауғанстан мен Пәкістанда селден 89 адам мерт болды


Су басқан Карачи. Пәкістан, 4 тамыз 2013 жыл.
Су басқан Карачи. Пәкістан, 4 тамыз 2013 жыл.
Ауғанстан мен Пәкістанда 4 тамыз, жексенбіде болған нөсер жауыннан кейін сел жүріп, екі елде 89 адам құрбан болды. Көптеген адам баспаналарынан айырылды.

Ауған үкіметінің хабарлауынша, елдің шығыс және оңтүстік-шығысындағы тоғыз провинция мен Кабулдың бірнеше ауданында 59 адам қаза тауып, ондаған адам баспанасынан айырылды. Кабулдың Суроби ауданының өзінде ғана құрбандар саны 34-ке жетті.

Ал Пәкістанда нөсер жауыннан 30 адам қаза тапты. Мұнда әсіресе Карачи қаласы көп зардап шегіп, онда 16 адам мерт болған. Пәкістанның үлкен мегаполистерінің бірі саналатын бұл қалада бірнеше ірі көлік магистралі жабылды. Қаланың кейбір аудандары электр жарығынсыз қалды.

Пәкістанның метеорологиялық агенттігі алдағы екі тәулікте елде тағы да нөсер жауып, сел жүруі мүмкін деп болжайды.

Соңғы жылдары бұл елдер нөсер жауын мен одан кейінгі селден қатты зардап шегіп келеді.
XS
SM
MD
LG