Accessibility links

АҚШ-тың 19 елшілігі бір аптаға жабылмақ


АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігінің таңбасы. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігінің таңбасы. Көрнекі сурет.

АҚШ үкіметі Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі 19 елшілік пен консулдығы террорлық шабуылдар қаупінен бір аптаға - 10 тамызға дейін жабылатынын хабарлады. Қызметін уақытша тоқтататын елшіліктер қатарында 4 тамызда жабылған 15 дипломатиялық өкілдік пен қосымша төрт кеңсе бар. Ал Бағдад, Кабул және Алжирдегі дипломатиялық миссиялар қайта ашылады.

Вашингтонның мәлімдеуіне қарағанда, арнайы қызмет деректері бойынша 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерден кейін "Әл-Қаида" ұйымының шабуылдары жыл сайын тамыз айында күшейеді.

АҚШ билігі мен Интерпол да шетелдерге саяхаттап шығатын адамдарға ескерту жасады.

Соңғы айларда болған оқиғалардан соң, оның ішінде Ливия, Ирак және Пәкістанда "Әл-Қаиданың" жүздеген жауынгері түрмелерден қашып шыққаннан кейін жаңа қауіпсіздік шаралары қабылдана бастады.
XS
SM
MD
LG