Accessibility links

"Қазақстан ғарыш сапары" компаниясы басшысы қамалды


Қаржы полициясы "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының президенті Ғабдұллатиф Мырзақұловты "аса ірі көлемде пара алды" деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы қаржы полициясының ресми сайтында хабарланды.

Қаржы полициясының ақпаратына қарағанда, "Мырзақұлов ғарыш аппараттарын құрайтын және сынақтан өтетін кешен құрылысына конкурс жүргізген кезде осы компанияның атқарушы төрағасынан 272 мың АҚШ доллары және 75 миллион теңгеден астам пара алған" деген күдікпен 1 тамызда тұтқындалған.

Ғабдұллатиф Мырзақұлов 3 тамызда сот санкциясымен қамалған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қаржы полициясы бұдан басқа ақпарат таратпады.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG