Accessibility links

Прокуратура: Кранға шыққан жұмысшы талабы орындалды


Алматыда құрылыс кранының басына шығып алған Айдар Меңлібеков. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.

Алматыда құрылыс кранының басына шығып алған Айдар Меңлібеков. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.

Алматыда құрылыс кранының басына шығып наразылық танытқан құрылысшы Айдар Меңлібековтің талабы орындалып, жалақысы бойынша қарыздары төленді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Алмалы аудандық прокурорының хабарлауынша, жұмысшының шағымы бойынша компанияның құрылыс алаңында еңбек және қауіпсіздік техникасын сақтауға қатысты тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

Өткен айда Алматыда "А-Та Строй" құрылыс компаниясының краншысы Айдар Меңлібеков компанияда еңбек заңдылығы мен еңбек қауіпсіздігі техникасы ережелері сақталмайды деп наразылық танытып, кран басына шығып алған еді.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, тексеру нәтижесінде Айдар Меңлібековтің еңбек демалысы кезінде жұмыс істегені және ол үшін жалақы алмағаны анықталып, оған компаниядан тиісті жалақысы төленген. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сай келмеді делінген бір кранның жұмысы тоқтатылған.

Қазақстанда кейбір азаматтардың өз құқын қорғау үшін құрылыс кранына шығып наразылық танытуы бұған дейін де болған.
XS
SM
MD
LG