Accessibility links

Православ шіркеуі Софроний әкейге мұрсат сұрады


Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.

Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.

Қазақстандағы православ шіркеуі басшылығы діни қызметкер Софронийдің ісіне байланысты Алматы облыстық соты төрағасына хат жазды. Шіркеу соттың игумен Софронийді елден шығару шешімін оның Қазақстандағы шаруаларын шешкенше бір жылға шегере тұруды сұрады. Бұған дейін Алматы епархиясы сотқа игуменді елден шығармау туралы өтініш айтқан еді.

Игумен Софронийге қатысты "8 тамызда Қазақстаннан Ресейге қайтарылуы керек" деген шешімді 29 шілдеде Алматы облысының Іле аудандық соты шығарған. Ресей азаматы, Софроний деген атпен белгілі Петр Евтихеевті депортациялау ісі туралы, оның Қазақстанда балалар мен қарттар паналайтын баспанасы жайлы Азаттық бұған дейін жазған еді.

Петр Евтихеев (Софроний) ұйымдастырған паналау орнында 113 бала мен 120 қарт және мүгедек адам тұрып жатыр.

Ол Қазақстанға 1991 жылдың соңында келген. 1993 жылы Алматы православие училищесін, 1999 жылы сырттай Тобыл семинариясын бітірген.
XS
SM
MD
LG