Accessibility links

Прокуратура: Мешімбаева экстрадициялауға шағымданды


Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы, қаржы жымқырды деп айыпталған Анар Мешімбаева Ресей бас прокуратурасының өзін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешіміне шағымданды деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Бас прокуратураның оны экстрадициялау туралы шешімі бар. Мешімбаева қазір ол шешімге шағымданып отыр" деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Анар Мешімбаеваға "2009 жылдың ақпан және наурыз айларында жүргізілген халық санағы кезінде бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылып, 2010 жылы іздеу жарияланған еді.

Қазақстанның бас прокуратурасы Біріккен Араб Әмірліктерінде жасырынып жүр деп хабарлаған Анар Мешімбаева 2012 жылы ақпанның басында Мәскеуде ұсталған.
XS
SM
MD
LG