Accessibility links

АҚШ Йемендегі азаматтарын елден кетуге шақырды


Айман әл-Зауахири, "Әл-Қаида" жетекшісі. (Сурет 2006 жылғы бейне жазбадан алынған).

Айман әл-Зауахири, "Әл-Қаида" жетекшісі. (Сурет 2006 жылғы бейне жазбадан алынған).

АҚШ мемлекеттік департаменті террорлық шабуыл болуы мүмкін деген қауіп барын ескертіп, Йемендегі қызметкерлері мен азаматтарын бұл елден кетуге шақырды.

Бұған дейін "Әл-Қаида" басшысы Айман әл-Зауахири ұйымның Йемендегі бөлімшесіне террорлық шабуыл жасауға бұйрық бергені туралы белгілі болып, өткен апта соңында АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі 19 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары 10 тамызға дейін жабылған еді.

Сейсенбіде Йемендегі аты-жөнін атамаған қауіпсіздік қызметкері елдің шығысындағы Мариб провинциясында пилотсыз ұшақ шабуылынан "Әл-Қаиданың" төрт жауынгерінің көзі жойылғанын хабарлады. Ресми орындар қаза тапқандардың екеуі "Әл-Қаиданың" жоғары шенді өкілдері екенін айтады.

Ұлыбритания, Франция, Германия және Норвегия да Таяу Шығыс аймағындағы бірқатар елшіліктерін жапты.
XS
SM
MD
LG