Accessibility links

Тунисте мыңдаған адам үкіметке наразылық танытты


Тунисте үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылық шеруі (Жоғарыдан түсірілген сурет) . Тунис, 6 тамыз 2013 жыл

Тунисте үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылық шеруі (Жоғарыдан түсірілген сурет) . Тунис, 6 тамыз 2013 жыл

Тунисте сейсенбінің кешінде ондаған мың адам Ұлттық конституциялық ассамблея алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылық шеруін өткізді.

Шеру өтіп жатқан тұста ақпарат құралдары елді басқарып отырған исламшыл "Қайта өрлеу" партиясының басшысы Рашид Ганнуши "демонстранттар үкіметті тарату туралы тым артық талап қойып отыр, министрлер кабинеті отставкаға кетпейтінін айтты" деген хабар таратты.

Осыдан алты ай бұрын солшыл көзқарасты ұстанатын оппозициялық саясаткер Чокри Белаид қастандықтан қаза тапқан еді. Демонстранттар оның және 25 шілдеде қастандықтан қаза тапқан серігі Мұхаммед Брахимидің де суреттерін көтеріп шықты.

Наразылық танытушылар қос саясаткердің қазасына исламшыл топтарды кінәлап, "экстремистерді бақылай алмай отыр" деп үкіметті айыптайды.

Осыдан екі жарым жыл бұрын Тунис президенті Зин әл-Әбидин Бен Әли халық толқуынан кейін елден қашуға мәжбүр болды. Тунистен басталған қарсылық шерулері Египет, Ливан сияқты араб елдеріне де тарап, "Араб көктемі" деп аталған бұл толқулар ұзақ жылдар ел басқарып отырған авторитарлық бірнеше басшының биліктен кетуіне ұласты.
XS
SM
MD
LG