Accessibility links

Белсенділер Польшадан Кетебаевты қайтармауды сұрады


Алматыда бір топ белсенді Польша консулымен кездесіп, осы ел билігінен Мұхтар Әблязовтың серігі Мұратбек Кетебаевты Қазақстанға экстрадицияламауды сұраған петиция тапсырды.

Белсенділер Польша билігінен Мұратбек Кетебаевты Қазақстанға экстрадицияламауды, оны саяси тұтқын деп танып, саяси баспана беруді сұраған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, петицияға 50-ге тарта адам қол қойған. Хат тапсыруға келгендер арасында "Ар.Рух.Хақ" ұйымының басшысы Бақытжан Төреғожина, сотталған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың жұбайы Әлия Тұрысбекова бар.

Мұратбек Кетебаев - қуғындағы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың жақын серіктерінің бірі. Ол соңғы жылдары Польшада тұрған және осы елде тұрақты түрде тіркелген.

Қазақстанның жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Мұратбек Кетебаевқа қарсы да қылмыстық істер қозғалған. Оның бірі - 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасына қатысты іс, екіншісі - "Алматыда 2012 жылы террор ұйымдастырмақ болды" деген айыппен қозғалған іс.

Мұратбек Кетебаев 12 маусымда Польшада Қазақстанның сұратуы бойынша ұсталып, 13 маусымда босап шыққан.
XS
SM
MD
LG