Accessibility links

Сот "Правдивая газета" қызметін 3 айға тоқтатты


"Правдивая газетаның" 24 сәуір күні шыққан бірінші саны. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл. (Сурет редакциядан алынды)

"Правдивая газетаның" 24 сәуір күні шыққан бірінші саны. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл. (Сурет редакциядан алынды)

Алматы қаласының әкімшілік соты "Правдивая газета" басылымының қызметін 3 айға тоқтатты деп хабарлайды "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы өз сайтында.

Судья Рауза Мұсақожаева газетті "басылым таралымы туралы мәліметтерді хабарлау ережесін бұзды" деп айыптаған. Сотта Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының өкілі Қорлан Құрманбекова қала тұрғындарының бірі дүңгіршектерден газеттің кезекті санын таба алмай, қала әкімінің блогына шағымданғанын айтқан. Бұдан соң газеттің 8 мың дана орнына 7 мың дана болып, кем басылып шыққаны анықталған.

"Правдивая газета" өкілдерінің айтуынша, бас редактор Әлия Ысмағұловаға сот өтетіні туралы сот басталуға 15 минут қалғанда ғана хабарланған.

Биыл сәуір айында Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері газеттің баспадан шыққан алғашқы санын тәркілеген еді. Басқарма оған "басылымның тұрақты шығу мерзімі жоғын" себеп қылған.

Басылым қызметкері Мадия Төребаева газеттің алғашқы санында Заманбек Нұрқаділовтің кітабының үзіндісі, Ғазиз Алдамжаровтың сұхбаты және сәуірдің 27-і күні Алматыда жоспарланған қарсылық күніне орай өткізілетін митинг жайлы материал жарияланғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG