Accessibility links

Египет үкіметі Мурси жақтастарынан тарауды талап етті


Египеттің биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастары шеруге шықты. Египет, Александрия, 5 тамыз 2013 жыл.
Египеттің биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастары шеруге шықты. Египет, Александрия, 5 тамыз 2013 жыл.
Египеттің уақытша премьер-министрі үкіметтің биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастарының наразылық акцияларын күшпен тарататынын мәлімдеді.

Жергілікті телеарна премьер Хазем әл-Беблавидің үкіметтің "төзімі таусылды" деген сөзін таратты. Ол «Біз оларды үйлеріне қайтуға, жұмыс орындарына оралуға шақырып отырмыз» деген.

Мурси биліктен шеттетілгеннен кейін оның жақтастары Каирдегі Рабаа және Нахда алаңдарында шатыр тігіп, лагерь құрған. Содан бері олар тарамай отыр.

Әл-Беблавидің сөзіне қарағанда, уақытша үкімет қасиетті рамазан айының құрметіне Мурси жақтастарына күш қолданудан бас тартып келген. Египетте ораза 8 тамызда аяқталды.

Беблавидің мәлімдемесінің алдында елдің уақытша президенті "Египеттегі саяси дағдарысты шешу бойынша жүргізілген келіссөздер тұйыққа тірелгенін" хабарлаған еді. Бұған ол Мурсидің жақтастары - «Мұсылман бауырлар» партиясын айыптайды.
XS
SM
MD
LG