Accessibility links

Бостонда айыпталған қазақстандықтарға ресми айып тағылды


Джохар Царнаев (оң жақта), Диас Кадырбаев (ортада), Азамат Тәжаяқов (сол жақта).

Джохар Царнаев (оң жақта), Диас Кадырбаев (ортада), Азамат Тәжаяқов (сол жақта).

АҚШ-тың Бостон қаласында болған жарылысқа қатысты 8 тамызда қазақстандықтар - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа "тергеу ісіне кедергі келтірді, айғақтарды жасырды" деген ресми айып тағылды. Енді тағылған айыптар бойынша алғашқы сот тыңдауы 13 тамызда өтеді. Бұл туралы Азаттыққа Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух хабарлады.

15 сәуірде Бостонда болған жарылыстан үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған еді. Қазақстандық Қадырбаев пен Тәжаяқов - "жарылыс жасады" деген айыппен тұтқындалған Джохар Царнаевтың коллежде бірге оқыған достары. Оларға "террорлық әркеттен кейін Царнаевтың бөлмесіне барып, оның лэптоп пен фейерверктер салынған рюкзагын алып, жасырды" деген айып тағылып отыр. Одан бұрын, 1 мамырда қазақстандықтарға "келісіп әрекет жасады" деген айып тағылған еді. Қазір 19 жастағы екі қазақстандық АҚШ федералдық түрмесінде отыр. Олар 20 жылға сотталуы мүмкін.

Джохар Царнаев та тергеу абақтысына қамалған. Оған өлім жазасы кесілуі ықимал. Оның террорлық әрекетті бірге жасады деген айып тағылған ағасы Темірлан Царнаев полициямен атыста опат болды.

Бостонда айыпталған қазақстандықтардың ісі бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты Азамат Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бухтың Азаттыққа берген сұхбатынан біле аласыздар. Адвокаттың айтуынша, Азамат Тәжаяқовтың сотта ақталып шығуға мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG