Accessibility links

Израиль Қызыл теңіз жағалауындағы Эйлат курортының әуежайын жабуға бұйрық берді. Әуежай өкілінің хабарлауынша, басшылыққа жаңа өкім шыққанша ұшатын және ұшып келетін барлық рейстерді тоқтату тапсырылған.

Әуежай өкілі мұны тек қауіпсіздік тұрғысында жасалғанын айтып, себебін түсіндірмеді.

Эйлат - Синай түбегіне жақын ірі туристік орталық. Синай түбегінде 3 шілдеде Мұхаммед Мурси Египет президенттігінен шеттетілгеннен соң жағдай шиеленісіп кеткен.

Шілдеде Египет жағынан атылған зымыран Израиль аумағына түсті. Оның жарықшақтары Эйлаттың солтүстік аумақтарынан табылған.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG