Accessibility links

Ресей Қазақстаннан Roshen өнімдеріне тыйым салуды сұрады


Roshen компаниясының кәмпиттері. Көрнекі сурет.
Roshen компаниясының кәмпиттері. Көрнекі сурет.
Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесі Қазақстаннан Украинаның "Рошен" (Roshen) компаниясының кондитерлік өнімдеріне тыйым салуды сұрады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас сарапшысы Марал Рақымжанова тыйым салуды сұраған хаттың "Роспотребнадзордан" түскенін растаған.

"Роспотребнадзор" бұған дейін Roshen-нің кейбір өнімдері, оның ішінде сүтті шоколадтарынан "адам ағзасына зиянды бензапирен табылғанын" айтып, компания өнімдерін Ресейге импорттауға тыйым салған еді. Украина өнімдерде зиянды заттар барын жоққа шығарған.

Марал Рақымжанова Қазақстанның Roshen өнімдерін тексеріп жатқанын айтып, Ресейдің сұрауына қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Бұған дейін Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық комитеті Roshen-нің жеті өнімін тексеріп, олардың құрамынан бензапирен табылмағанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG