Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 30 адам мерт болды


Жарылыс болған орын. Кветта, Пәкістан, 8 тамыз 2013 жыл
Жарылыс болған орын. Кветта, Пәкістан, 8 тамыз 2013 жыл
Пәкістанның оңтүстік-батысында жаназа кезінде болған жарылыстан 30 адам мерт болып, 50-ден астам адам жараланды.

Пәкістан полициясының хабарлауынша, жарылыс бейсенбіде Белужистан провинциясының орталығы Кветта қаласында болған. Мерт болғандар мен жараланғандардың көпшілігі - полицейлер. Қаза тапқандар арасында Кветта полициясы басшыларының бірі Фаяз Сумбал бар.

Қалалық полиция басшысы Мир Зубайр Махмудтың айтуынша, полицейлер сәрсенбіде Кветтада белгісіз біреулер атып кеткен полицейдің жаназасында отырған.

Жарылысты "Талибанның" Пәкістандағы бөлімі мойнына алатынын мәлімдеді.

Белужистан - Пәкістандағы "Талибан" мен түрлі радикалды және діни топтар, сепаратист көтерілісшілер шоғырланған аймақ.
XS
SM
MD
LG