Accessibility links

АҚШ азаматтарына Пәкістанда қауіп барын ескертті


АҚШ елшілігінің таңбасы. (Көрнекі сурет).
АҚШ елшілігінің таңбасы. (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаменті Пәкістанның Лахор қаласындағы америка консулдығы қызметкерлеріне қауіпсіздік мақсатында жұмысқа шықпауды тапсырды.

Исламабадтағы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Меган Григонистің айтуынша, консулдық қызметкерлері мекеме жұмысы қайта жанданғанша Исламабадқа әкетіледі.

Мемлекеттік департамент бұған қоса Пәкістанда терактілер жасалуы мүмкін деп ескертіп, америкалықтарды бұл елге бармай тұра тұруға шақырды.

АҚШ 4 тамызда террорлық шабуылдар қаупінен Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі 19 елшілігі мен дипломатиялық миссиясын бір аптаға жапқан.

Соңғы айларда болған оқиғалардан соң, оның ішінде Ливия, Ирак және Пәкістанда "Әл-Қаиданың" жүздеген жауынгері түрмелерден қашып шыққаннан кейін жаңа қауіпсіздік шаралары қабылдана бастады.
XS
SM
MD
LG