Accessibility links

Министр: Шағын қалаларға бөлінген қаржы игерілмеді


Бақытжан Сағынтаев, вице-премьер, өңірлік даму министрі.
Бақытжан Сағынтаев, вице-премьер, өңірлік даму министрі.
Биыл шағын қалаларды дамытуға бөлінген 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы әлі игерілмей жатыр деп мәлімдеді Қазақстанның вице-премьері әрі өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев.

"Тамыз айы болды, бірақ соның бірде-бір теңгесі игерілген жоқ. Мұның енді игерілетініне күмәнім бар" деді ол.

Министр Сағынтаевтың айтуынша, моно қалалардың әкімдері қалаларды дамытуға бөлінген қаржыны тек жол жөндеу, су және жылу құбырларын тарту, жарықтандыру сияқты салаларға ғана жұмсайды.

"Ал шағын қалаларды дамытудағы негізгі міндет - жаңа өндіріс ашу, жұмыс орындарын табуда ештеңе жасалмаған" деді ол.

Министрдің айтуынша, биыл жаңа бизнес жобаларды қаржыландыруға 300 миллион теңге бөлінген, бірақ бірде-бір әкім өз аймағында жаңа бизнес бастау идеясын ұсынбаған.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасынан кейін үкіметке шағын қалаларды белгілі бір салаға бейімдеп дамытудың жаңа жобасын дайындауды тапсырған еді.
XS
SM
MD
LG