Accessibility links

"Шахтер" мен "Ақтөбенің" қарсыластары анықталды


"Шахтер" командасының жанкүйерлері.
"Шахтер" командасының жанкүйерлері.
Футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеу жарысы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық "Шахтер" мен "Ақтөбе" клубтарының қарсыластары анықталды.

Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде ойнайтын Қазақстан чемпионы, қарағандылық «Шахтердің» қарсыласы Шотландияның Celtic («Селтик») командасы болды.

"Шахтер" мен Celtic арасындағы алғашқы ойын 20 тамызда Астанада, қарымта кездесу 25 тамызда Шотландияда өтеді. Бұл жұпта жеңіске жеткен команда чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайды. Ал жеңілген клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау құқығына ие болады.

«Шахтер» командасы чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңінде албаниялық «Скендербеу» клубын жеңген еді.

Ал Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде ойнайтын «Ақтөбенің» қарсыласы – Украинаның «Динамо» клубы. Алғашқы ойын 22 тамызда Ақтөбеде, қарымта кездесу 29 тамызда Киевте өтеді. Бұл матчта жеңіске жеткен клуб Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығады.
XS
SM
MD
LG