Accessibility links

Қазақстанда НАТО-мен бірлескен жаттығу басталды


«Дала қыраны» халықаралық жаттығуына қатысқан қазақстандық бітімгерлік күштері. 8 тамыз 2011 жыл.

«Дала қыраны» халықаралық жаттығуына қатысқан қазақстандық бітімгерлік күштері. 8 тамыз 2011 жыл.

10 тамыз күні Алматы облысындағы Іле әскери-оқу орталығында «Дала қыраны-2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуы басталды. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осымен оныншы рет өткізіліп жатқан жаттығулар Қазақстанның НАТО-мен дербес әріптестік жобасы және «Бейбітшілік үшін ынтымақтасу» бағдарламасы аясында өтіп отыр.

Бірлескен жаттығуға Қазақстан жағынан «Қазбат» бітімгерлік батальонының толық құрамы, «Қазбриг» бітімгерлік бригадасының штабы, сонымен бірге өзге де әскери бөлімдердің қызметкерлері қатысып жатыр. Шетелден бұл жаттығуға қатысуға АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Литва, Швейцария, Қырғызстан мен Тәжікстаннан әскери бөлімшелері келген. Сонымен бірге, Испания, Германия және Беларусь елдерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.

Жыл сайынғы дәстүрлі «Дала қыраны» былтыр қыркүйекте өткен еді.
XS
SM
MD
LG