Accessibility links

Үндістан тұңғыш сүңгуір қайығын теңізде сынамақшы


Үндістанның әскери басшылары Ресейден алынған «Акула ІІ» атом сүңгуір қайығының үстінде тұр. Вишакхапатнам, 4 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Үндістанның әскери басшылары Ресейден алынған «Акула ІІ» атом сүңгуір қайығының үстінде тұр. Вишакхапатнам, 4 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Үндістанның өзі жасап шығарған алғашқы сүңгуір кемесі ашық теңізде соңғы кезеңдегі сынақтан өтуге әзір деп мәлімдеді 10 тамызда осы елдің премьер-министрі Манмохан Сингх.

«Бұл біздің өз технологиялық мүмкіндігімізді дамытудағы алып қадам болды» деді үнді премьері.

Үнді шенеуніктерінің айтуынша, суда құрастыру жұмыстары 2009 жылы басталған «Арихант» («Дұшпанды күйретуші») деп аталатын сүңгуір қайықтың салмағы - 6000 тонна, ол 85 мегаваттық атомдық реактордан қуат алады. Экипаж құрамында 95 адам болады.

Бұған дейін Үндістан 2012 жылы сәуірде Ресейден 10 жылға жалға алған «Акула ІІ» сүңгуір қайығымен өз қарулы күштерін толықтырып, әлемде атом сүңгуір қайығын пайдаланатын елдер - АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресейдің қатарына қосылған еді.
XS
SM
MD
LG