Accessibility links

18 АҚШ елшілігі қайта ашылмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ мемлекеттік департаменті мұсылман елдерінде террорлық әрекеттер болуы мүмкін деген қауіппен өткен апта жабылған 19 дипломатиялық пункттің 18-і 11 тамызда қайта ашылатынын хабарлады.

Йемендегі АҚШ елшілігі "Әл-Қаида" шабуылдауы мүмкін" деген ақпараттарға байланысты әзірге жұмысын бастамайды. Елшілік қызметкерлеріне 6 тамызда бұл елден шығып кету туралы бұйрық берілген.

Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың 19 еліндегі АҚШ-тың дипломатиялық мекемелері 4 тамызда уақытша жабылған еді.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Әл-Қаида" топтарының ірі террорлық акт жасау туралы құпия жоспарын әшкерелегенін мәлімдеп, осыған байланысты елшіліктер жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдеген.

8 тамызда Пәкістандағы АҚШ консулдығы жабылды. Ол туралы шешім "террорлық қауіп туралы нақты ақпараттардан кейін қабылданған".

Әзірге Пәкістандағы консулдық жабық тұр.
XS
SM
MD
LG