Accessibility links

Обама 9 күндік демалысқа шықты


Обама тал көлеңкесінде ас ішіп отыр. (Көрнекі сурет)

Обама тал көлеңкесінде ас ішіп отыр. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама екінші президенттік мерзімінде тұңғыш рет жаздық демалысқа шықты. Ол Массачуссетс штатындағы Мартас-Винъярд аралына аттанды. 9 күндік демалысты ол әйелі Мишельмен Чилмарк қалашығындағы жеке үйде өткізеді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни "Обаманы ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саясат мәселелеріне қатысты брифингтердің нәтижесі туралы үнемі құлақтандырып тұрамыз" деп мәлімдеді.

Демалыс күндері Обаманың қасында президент әкімшілігінің қызметкерлері - ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша президент кеңесшісі Сьюзан Райс пен аппарат жетекшісі Роб Наборс болады.

Вашингтонға Обама 18 тамызда оралады.

XS
SM
MD
LG