Accessibility links

АҚШ елшіліктері қайта ашыла бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ-тың өткен аптада Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше мемлекетінде қауіпсіздік тұрғысында жабылған елшіліктері қайта ашылды. Жексенбіде Біріккен Араб әмірлігі мен Ливиядағы консулдықтар жұмыс істей бастады. Басқа өкілдіктер бір апта ішінде ашылмақ.

АҚШ-тың 19 елшілігі мен дипломатиялық өкілдігі 4 тамызда жабылған еді. Ресми Вашингтон елшіліктерді жабуға "Әл-Қаида" ұйымы тарапынан теракті жасалуы мүмкін деген қауіп себеп болғанын айтқан. АҚШ арнайы қызметі "Әл-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахиридің ұйымның Йемендегі өкілдеріне шабуылдар жасауды тапсырған хатын әшкерелегенін хабарлаған.

АҚШ билігі өкілдерінің хабарлауынша, таяу арада АҚШ-тың Йемен астанасы Санадағы елшіліктен басқа өкілдіктері жұмыс істей бастайды.
XS
SM
MD
LG