Accessibility links

Рим папасы мұсылмандар мен христиандарға үндеу жолдады


Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск әлем мұсылмандарына Рамазан айының аяқталуына орай құттықтау арнап, христиандар мен мұсылмандар арасында өзара түсіністікті күшейтуге шақырды.

Ватикандағы Әулие Петр алаңында жиналған ондаған мың адамның алдында сөйлеген католик шіркеуінің басшысы мұсылмандарды "біздің бауырымыз" деп атап, оларды Оразаның аяқталуымен құттықтады.

Ол мұсылмандар мен христиандарды бір-бірін құрметтеуге, оны жастарды тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруға шақырды.

Рим Папасы 8 тамыз - мұсылмандарда Ораза біткен күні мұсылмандарды құттықтаған үндеу жариялаған еді. Бұған дейін понтификтің үндеу хаттарын жазумен дінаралық диалог жөніндегі арнайы кеңес айналысатын. Биылғы құттықтау сөзді Фрнацисктің өзі жазды.
XS
SM
MD
LG