Accessibility links

Білім гранттары иелері анықталды


ҰБТ тапсырып шыққан түлектер. (Жүктеген: Болат Омарәлиев, Қызылорда. Көрнекі сурет).

ҰБТ тапсырып шыққан түлектер. (Жүктеген: Болат Омарәлиев, Қызылорда. Көрнекі сурет).

Қазақстанда 2013 жылғы мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсы аяқталды деп хабарлайды ресми ақпарат құралдары.

Биыл 30 мың 758 талапкер білім грантына ие болған. Грант алуға 68 мың 742 талапкер өтініш білдірген (бір орынға 2,23 үміткер). Қазақ тілінде оқыту бөліміне - 21 мың 64, орыс тілінде оқыту бөліміне 9 мың 694 грант бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі ертең ресми басылымдарда жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG