Accessibility links

СІМ: Қытаймен виза келісімі туралы білмейміз


Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» кеденінің қытай жағындағы бекеті. 18 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» кеденінің қытай жағындағы бекеті. 18 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Қазақстан мен Қытай арасында туристік мақсатпен визасыз барып-келуге мүмкіндік беретін келісім әзірленіп жатқаны жөнінде хабарсыз екенін мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.

"Мұндай келісімдер туралы мен ештеңе білмеймін" деген Қайрат Сарыбай 12 тамызда Астанада.

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаевқа сілтеме жасап, "Қазақстан мен Қытай үкіметі арасында визасыз топтық туристік сапар жасауға рұқсат беру туралы келісім жасасып жатқаны" туралы хабар таратқан еді.

Онда Саймасаев аталған келісімнің мақсаты - екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын арттыру және Қазақстанға келетін туристер санын көбейту екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG