Accessibility links

БҰҰ жастар миграциясына көңіл бөлуге шақырды


Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы.

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы.

БҰҰ 12 тамыз - халықаралық жастар күніне орай ұйымға мүше мемлекеттерді, жастар ұйымдары мен басқа да ұйымдарды әлемдегі мигрант жастардың құқықтарын қорғауға шақырды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның атынан жазылған хатта әлемде жыл сайын 214 миллион адам мигрант атанатыны, оның 10 пайыздан астамы жастар екені айтылған.

"Жастар мигранттар қатарына түрлі себептермен қосылады. Барған жерінде олардың көпшілігі нәсілшілдік, кемсітушілік, ксенофобияға ұшырап, құқықтары бұзылып жатады. Кедейшілік, антисанитарлық жағдайында өмір сүре отырып жұмыс іздеу - мигранттардың басты проблемалары" дейді Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысының айтуынша, жастар өз елі мен жұмыс істеген мемлекетінің экономикасы дамуына, әлеуметтік-мәдени өміріне оң әсер етеді.

"Қазан айында БҰҰ бас ассамблеясында халықаралық миграция және даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейде диалог өтеді. Осыған орай ұйымға мүше елдерді жастар миграциясына ерекше назар аударуға шақырамын" дейді бас хатшы.
XS
SM
MD
LG