Accessibility links

Нигерияда мешітке шабуылдан 44 адам қаза тапты


Полиция кеңсесінде экстремистер ұйымдастырған жарылыстар. Нигерия, Кано қаласы, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Полиция кеңсесінде экстремистер ұйымдастырған жарылыстар. Нигерия, Кано қаласы, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Нигерия үкіметінің хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Кондуга қаласында бір топ қарулы адам мешітке басып кіріп, 44 адамды атып тастады. Билік шабуылды "Боко-Харам" исламшыл экстремистік тобының мүшелері жасады деп күдіктенеді.

Үкімет "бұл шабуыл - қоғамдық тәртіпті қорғаумен айналысатын азаматтық топтың құрылуына қарсы исламшылдардың реакциясы" деп бағалайды. Азаматтық топ Нигерия әскерилерінің елде 2009 жылдан бері партизандық әрекет етіп келе жатқан экстремистерге қарсы тұруына көмектесу үшін құрылған.
XS
SM
MD
LG