Accessibility links

АҚШ есірткі саудалайтындар жазасын жеңілдетпек


Эрик Холдер, АҚШ әділет министрі.

Эрик Холдер, АҚШ әділет министрі.

12 тамызда АҚШ-тың әділет министрі Эрик Холдер есірткі саудасына қатысты ұсақ қылмыс жасағандарға тағайындалатын жазаны жеңілдетуге арналған реформалар жоспарымен таныстырды. Реформалардың мақсаты - түрмелердегі тұтқындар санын азайту.

Қазіргі АҚШ заңдары бойынша судьялар есірткі саудасымен айналысқандарға жеңіл жаза кесе алмайды. Сондықтан, тұтқындар ұзақ уақытқа түрмеге түседі.

Әділет министрлігінің жоспары бойынша жаза тек есірткі саудасымен қару қолданбайтын және есірткі картельдерімен бірлеспей айналысатындарға ғана жеңілдетілмек.

АҚШ әлемде түрмедегі тұтқындар саны жөнінен бірінші орында тұр. Түрмедегілердің жартысына жуығы есірткі қолдану және оны таратумен байланысты қылмыстары үшін сотталған.
XS
SM
MD
LG