Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Швециядан баспана сұрады


Болотный алаңында болған наразылық шеруі. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Болотный алаңында болған наразылық шеруі. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ресейдің оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Алексей Сахнин Швециядан саяси баспана сұрады. Сейсенбіде Швеция радиосына сұхбат берген Сахнин бұл елге осыдан бір ай бұрын, Мәскеудің Болотный алаңында 2012 жылы мамырда болған тәртіпсіздіктерге қатысты қудаланудан бас сауғалап барғанын да айтты.

Бұған дейін "Солшыл майдан" қозғалысының тағы бір жетекшісі Сергей Удальцов пен оппозициялық депутаттың көмекшісі Леонид Развозжаевқа "тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды" деген айып тағылған еді. Тергеушілер тәртіпсіздіктерді Грузия саясаткері ұйымдастырды деп санайды.

2012 жылы 6 мамырда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинге қарсы өткен оппозицияның шеруі тәртіпсіздіктерге ұласып, ондаған демонстрант пен полицей жарақаттанған еді. Оппозиция "шеруді полиция әдейі арандатты" деп санайды.

Тәртіпсіздіктерге қатысты 30-дан астам адамға айып тағылды. Оның екеуі сотталды, 12 адам тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG